JTI – Қазақстандағы жетекші темекі компаниясы. Алматыдағы фабрикамыз дүниежүзіне танымал бірнеше брендтерді өндіреді және біз оларды Қазақстанда, Орталық Азияда, Моңғолияда, Арменияда, Грузияда және Иракта сатамыз. Біздің зауыт әлемдегі ең үздік зауыттардың бірі ретінде танылғанын мақтан тұтамыз.
Алматы маңындағы зауыт – әлемге әйгілі брендтердің жергілікті өндіріс және экспорт орталығы
Ploom жылытылатын темекі брендін шығару (жапон сапасының бірегей тәжірибесі)
Жыл сайын 15 000-18 000 тікелей бенефициарлары бар ұзақ мерзімді Қоғамдық инвестициялық жобалар
Барлық ісімізде үнемі сапаны көздейміз, жергілікті және ғаламдық деңгейде қызметкерлеріміздің дамуы үшін қолда бар мүмкіндіктердің ең жақсысын пайдаланамыз. Халықаралық бағдарламаларға қатысып, озық тәжірибелерді зерттейміз, осылайша Қазақстанда ең тиімді идеялар мен үдерістерді қолданысқа енгіземіз. Қызметкерлеріміз әлемнің басқа мемлекетіне қоныс аударады, қызмет етеді, бизнесіміз әлемнің 120 елін қамтитындықтан басқа елдегі әріптестеріне өз білгенін үйретеді.
Өзіміз өмір сүретін және жұмыс істейтін қоғамды қолдауға бағытталған жобаларды үлкен қуанышпен және мақтанышпен жүзеге асырамыз. Негізгі бастамаларымыздың қатарында Қазақстандағы алғашқы инклюзивті «Действие буквально» театрына қолдау көрсету, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қолдауды жақсарту мақсатында Тьютор мамандығы бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеу, Қарасу көлінің биоалуантүрлілігін сақтау, сондай-ақ көп жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалін қолдау бар.
Біз темекі мен темекі брендтерінің кең ассортиментін шығарамыз және сатамыз