JTI Kazakhstan компаниясын Президенттің марапаттауы

JTI құндылықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев JTI Kazakhstan компаниясының бас директоры Сергей Буксаға Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапат табыс етті. JTI үшін бұл марапат компанияның елдегі 30 жылдық қызметінің, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруының және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына берік ұстанымының мойындалуы болды.

JTI 2 маусымда Қонаев қаласында өткен инвесторларды құрметтеу рәсімінде мемлекеттік марапатқа ие болған ірі инвесторлардың қатарына кірді.

Соңғы 10 жылда компания Қазақстан экономикасына шамамен 157 миллион доллар инвестиция салды және елдің дамуына инвестиция салуды жалғастырады. Алдағы үш жылда JTI тағы 47 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім JTI-дің Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасына және елдегі тұрақты іскерлік ахуалға терең сенімін көрсетеді.

Алматы облысындағы JTI фабрикасы әлемдегі JTI-дің ең озық өндірістік алаңдарының қатарына кіреді және өнімді, оның ішінде экспортқа да өндіреді. Өндірістік қуаттарды арттырудың арқасында соңғы бес жылда экспорт көлемі 450 миллион долларға жетті. Өнім Орталық Азия елдеріне, Моңғолияға және Иракқа жеткізіледі. 2024 жылдан бастап JTI-дің Қазақстандағы өнім ассортиментіне тәуекелі ықтимал төмендетілген Ploom атты инновациялық өнім де кіреді.

Компания Қазақстанда өндірілген өнімнің экспорт географиясын кеңейтуді жалғастырып, 800-ден астам қызметкерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Тағы мыңнан астам адам жеткізу және дистрибуцияны қоса алғанда, сабақтас салаларда жұмыс істейді. Өндіріс кеңейген сайын JTI-дің экономикалық үлесі де арта түседі.

Соңғы бес жылда JTI ел бюджетіне салық түрінде 800 миллиард теңге аударды, ең алдымен, бұл акциздер мен қосылған құн салығы.

JTI-дің мүдделері Үкіметтің міндеттерімен үндес: компания мемлекетпен бірлесіп, темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізеді. Оның салдарынан Қазақстан бюджеті жыл сайын шамамен 36 миллиард теңге акциз түсімдерін ала алмайды.

JTI Kazakhstan Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға көпжылдық қолдауы үшін алғыс білдіреді.

President Award to JTI Kazakhstan

Бөлісу
Broaden your vision

Түсінуіңізді тереңдететін және JTI арқылы саяхатыңызды байытатын таңдалған мазмұнды зерттеңіз.

Kaleidoscope